ǿ޴ý

Қазақ-Британ техникалық университетінің ылыми кітапханасы мен «Дата Экспресс» ЖШС бірлесіп Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындары кітапханаларының 120-дан астам өкілдері қатысқан кезекті халықаралық ғылыми-тәжірибелік вебинар – «МегаПро мектебін» өткізді.
Іс-шараның басты тақырыбы Автоматтандырылған интеграцияланған кітапханалық жүйенің (АИКЖ) жаңа нұсқасы «МегаПро» болды. Компания мамандары 2024–2025 жылдары енгізілген жүйенің жаңартылған функционалын таныстырды.

Вебинар барысында АИКЖ «МегаПро» жүйесіне енгізілген GigaChat және DeepSeek жасанды интеллект сервистері, заманауи web-технологиялар мен бұлттық шешімдердің кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру және оқырмандарға жаңа цифрлық қызметтер ұсынудағы маңызына ерекше назар аударылды.
ҚБТУ ылыми кітапханасында жаңа нұсқаның практикалық қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасаған — кітапханалық технологияларды автоматтандыру секторының меңгерушісі Р.С. Ахметова.
Вебинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар «МегаПро» жүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, өз сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара қатысушылардың зор қызығушылығын тудырып, «Дата Экспресс» компаниясының «МегаПро» жүйесін дамыту мен жетілдіру бойынша атқарған жұмысына жоғары баға берілді.