ǿ޴ý

Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарына негізделген орнықты даму стратегиясын дәйекті түрде іске асырып келеді. Бұл қағидаттарды қабылдау университеттің орнықты болашаққа үлес қосуға, ашықтықты, инклюзивтілікті қамтамасыз етуге және қоршаған орта мен қоғамға жауапкершілікпен қарауға деген ұмтылысын көрсетеді.

ҚБТУ-дың орнықты дамуға деген кешенді көзқарасы ESG-ге қатысты саясаттарды әзірлеуді, нақты жетістіктер мен болашаққа арналған айқын жоспарларды осы құндылықтарды университет қызметінің барлық салаларына жүйелі түрде біріктіру арқылы үйлестіруде көрініс табады.

Университетімізде ҚБТУ-дың осы бағыттағы кең ауқымды құзыреттері мен көшбасшылығын дәлелдейтін нақты бастамалар жүзеге асырылуда.

ESG күн тәртібіне бейілділігін растау мақсатында ҚБТУ келесі негізгі нормативтік құжаттар мен саясаттарды бекітіп, енгізді:

  • Корпоративтік басқару кодексі;
  • Іскерлік этика кодексі;
  • Білім алушылардың этикалық кодексі;
  • Академиялық адалдық саясаты;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және еңбек қауіпсіздігі саясаты;
  • Экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару салаларындағы ұзақ мерзімді бағдарлар мен мақсаттарды айқындайтын орнықты даму саясаты;
  • Экологиялық және әлеуметтік критерийлерді ескере отырып жеткізушілер мен мердігерлерді таңдауды қамтамасыз ететін орнықты сатып алу саясаты;
  • ESG факторларын инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне біріктіруге бағытталған орнықты инвестициялар саясаты;
  • Академиялық және әкімшілік ортада тең мүмкіндіктер мен жеке ерекшеліктерге құрмет көрсетуді қамтамасыз ететін теңдік, әртүрлілік және инклюзия (DEI) саясаты.

ҚБТУ-дың орнықты даму бағытына бейілділігінің қосымша дәлелдері:

  • ESG-трансформацияны даму стратегиясының негізгі бағыты ретінде: ҚБТУ ESG-ні өзінің даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.
  • ESG-ні білім беру мен зерттеулерге интеграциялау: ҚБТУ ESG қағидаттарын білім беру бағдарламаларына енгізеді және орнықты даму саласындағы зерттеулерді ынталандырады.
  • Экология, әлеуметтік ғылымдар және корпоративтік басқару саласындағы ғылыми жобаларды үйлестіру, орнықты технологияларды дамыту мен ынтымақтастықты кеңейтуге арналған бірегей платформа ретінде ESG құзыреттер орталығын дамыту.
  • Көміртек бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қалыптастыру: университет көміртек ізін азайту бойынша шараларды жүйелі түрде әзірлеп, іске асырады, климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелер мен мерзімдер белгілейді, декарбонизация тәсілдерін ғылыми, білім беру және шаруашылық қызметіне ендіреді.
  • "Жасыл кампус" құру: Университет энергия үнемдейтін технологияларды, қалдықтарды бөлек жинау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы экологиялық тұрақты инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруда.
  • Студенттер мен қызметкерлердің ESG-бастамаларын қолдау: ҚБТУ ESG қызметіне студенттер мен қызметкерлерді тарту үшін платформалар құрып, экология, әлеуметтік жауапкершілік және инклюзия салаларындағы бастамалар мен еріктілік жобаларын – ESG Campus қауымдастығын – қолдайды.
  • Ынтымақтастық пен серіктестік: Университет бизнес, мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен ESG қағидаттарын ілгерілету, орнықты шешімдер мен "жасыл" технологияларды енгізу және нақты экономика салаларында ESG сараптамасын дамыту үшін белсенді ынтымақтастық орнатуда.
  • Халықаралық рейтингтерге қатысу: ҚБТУ халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсартуға ұмтылады.

ҚБТУ орнықтылық стратегияларын жетілдіру, серіктестікті кеңейту және ESG құндылықтарын білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару қызметіне біріктіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады. Бұл әрекеттер халықаралық стандарттарға сай болумен қатар, орнықты болашақ құруға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған.