KBTU JASTAR CITY – бұл келесі мәліметтермен сипатталатын студенттік қалашық:
1. 1 гектар аумақта орналасқан 5 корпус, 1633 төсек-орын, спорт кешені (фитнес залы, бокс залы, күрес/грэпплинг залы, би залы, жабық стадион – регби, футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат);
2. Корпустарда демалыс бөлмелері, асүйлер, оқу бөлмелері (Study Rooms), 120 орындық акт залы, 70 орындық асхана, 15 орындық буфет қарастырылған;
3. 1, 2, 3 және 4 орындық бөлмелер жиһаздалған және интернетпен (Wi-Fi) қамтамасыз етілген;
4. Тұрмыстық бөлмелерде ақылы кір жуғыш машиналар және үтік тақталары бар;
5. Оқу залы мерзімді басылымдарды қоса алғанда бай кітапханамен жабдықталған;
6. Медициналық қызметті жатақханада жұмыс істейтін білікті медицина қызметкері және тұрақты негізде «Qamqor Clinic Almaty» медицина орталығының дәрігері қамтамасыз етеді;
7. Face-ID жүйесі, бейнебақылау камералары орнатылған, мәліметтер жатақхана аумағындағы Ситуациялық орталыққа жіберіледі;
8. Дератизация, дезинсекция, төсек-жабдықтарын термоөңдеу, кілемдер мен жұмсақ жиһазды химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау, қоқыс шығару жүйелі түрде жүргізіледі;
9. Барлық үрдістер Service Desk жүйесінде біріктірілген –
{spoiler=2025-2026 оқу жылына абитуриенттер мен 1 курс студенттерін орналастыру тәртібі}
Консультация – Қабылдау комиссиясында |
30 маусым – 15 тамыз |
Жатақханаға өтінім қабылдау туралы хабарлама (КБТУ сайтында, жеке пошта, чаттар арқылы) |
01 тамыз |
Онлайн өтінімдерді қабылдау – https://jc.kbtu.kz/ |
03 – 10 тамыз |
Өтінімдерді қарау |
11 тамыз |
Комиссия отырысы |
11 тамыз |
Шешімді хабарлау (қабылдау / бас тарту) – сайтындағы жеке кабинет арқылы |
11 тамыз |
Төлем. Жатақхана орны броньдалғаннан кейін, бүкіл күзгі семестр үшін бірден төленеді (4,5 ай) |
Рұқсат алған соң бірден |
Медициналық тексеріс (KBTU Jastar City)
|
Орналасу кезінде |
1 курс студенттерін орналастыру |
11 тамыз – 07 қыркүйек |
Орналасу кезінде қажет құжаттар:
• Жеке куәлік (идентификация үшін);
• Әлеуметтік санатқа жататынын растайтын құжаттар;
• https://jc.kbtu.kz/auth жүйесінде берілген ордер;
• Жеке заттар: жастық, көрпе, жамылғы, 2 жиынтық төсек-орын (простыня, көрпе тыс, жастық тыс), ыдыс-аяқ.
Орналасу тәртібі:
1. Медициналық қызметкерден рұқсат алу;
2. Онлайн келісімшартқа қол қою;
3. Келісімшарттағы мерзімге онлайн төлем жасау;
4. Төлемнен кейін бөлме кілтін алу және орналасу.
{/spoilers}
{spoiler=2025-2026 оқу жылына 2-7 курс студенттерін орналастыру тәртібі}
Өтінім қабылдау туралы хабарлама– all.students.kz корпоративтік поштасы және чаттар арқылы |
14 шілде |
Онлайн өтінімдерді қабылдау – https://jc.kbtu.kz/ |
14 – 22 шілде |
Өтінімдерді өңдеу |
23 – 24 шілде |
Комиссия отырысы |
25 шілде |
Комиссия шешімін хабарлау |
26 шілде |
2-4 курс және магистратура студенттерін орналастыру (№1, 2, 5 корпустар) |
01 – 14 қыркүйек |
{/spoilers}
{spoiler=2025-2026 оқу жылына «KBTU JASTAR CITY»}
2025-2026 оқу жылына «KBTU JASTAR CITY»-де тұру ақысы (01.08.2024 ж. бастап) |
|
№1, 2, 5 корпустар (2-4 курс, магистранттар, шетелдік студенттер) |
|
Бөлме түрі |
Ай сайынғы төлем (1 орынға) |
1 орындық |
60000 KZT |
2 орындық |
50000 KZT |
3 орындық |
45000 KZT |
4 орындық |
40000 KZT |
№3, 4 корпустар (1 курс студенттері) |
|
Бөлме түрі |
Ай сайынғы төлем (1 орынға) |
3 орындық |
55000 KZT |
4 орындық |
50000 KZT |
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР |
|
Студенттің әлеуметтік санаты |
Барлық корпустарда тұру ақысы |
Жетім балалар |
Тегін |
Қамқоршылықтағы жетімдер |
Тегін |
ҚША бөлмесінде тұрмайтын мүгедек студенттер (Қозғалысы шектеулі азаматтар) |
50% |
{/spoilers}
Мекенжай: Ислам Каримов көшесі, 70
Байланыс ақпараты:
Директор: Қасымов Дулат Доскелдіұлы
Тел.: 357-42-42 (ішкі 600), E-mail:
Әкімшілік және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары: Орданова Жанагүл Турмахановна
Тел.: 357-42-42 (ішкі 610), E-mail:
Тіркеу және көшіру бойынша бас маман, паспортшы: Есимбекова Айжан Бериковна
Тел.: 357-42-42 (ішкі 601), E-mail:
Қауіпсіздік қызметі директорының орынбасары: Байсеитов Серік Гаухарович
Тел.: 357-42-42 (ішкі 612), E-mail: