ǿ޴ý

Кітапхана пайдаланушысы қалай болуға болады?
Бұл өте оңай! КБТУ ID-картасын алғаннан кейін студент автоматты түрде ылыми кітапхана базасына тіркеледі және оның пайдаланушысы болады. Бұл дегеніміз, ол абонементті, оқу және электронды залдарды, сондай-ақ КБТУ сайтында қолжетімді электронды ресурстарды еркін пайдалана алады.
Сіздің жүзіңіз — сіздің оқырман билетіңіз. Қосымша карточкалар мен құжаттар қажет емес — жай ғана турникетке келіңіз, Face ID жүйесі сізді таниды.

Электронды каталог деген не?
Электронды каталог — қажетті әдебиетті іздеудегі сіздің жеке көмекшіңіз. Оның көмегімен кітаптардың, оқулықтардың бар-жоғын, орналасқан жерін және дәл қазір берілетін-берілмейтінін біле аласыз.

Электронды каталогты қалай пайдалану керек?
Авторизация үшін Құжаттағы Тегіңізді және Оқырман билетінің нөмірін (сіздің ID-нөміріңізді) енгізу қажет.
Әдебиет іздеу үшін авторды, атауды немесе кілт сөздерді енгізіңіз — жүйе сізге барлық қолжетімді нұсқаларды көрсетеді. Каталог тек кітаптың бар-жоғын ғана емес, сонымен қатар оның кітапханада нақты қайда тұрғанын көрсетеді.
Ерекше ыңғайлысы — каталог әр кітаптың статусын көрсетеді: ол кітапханада ма, басқа оқырманда ма, әлде электронды форматта қолжетімді ме. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді және оқу процесін тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Электронды іздеудің артықшылықтары
Электронды каталог тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, кітапхана жабық болғанда да. Сіз алдын ала сапарыңызды жоспарлап, қажетті әдебиеттер тізімін құрастырып, тіпті қажетті басылымдарға бронь қоя аласыз.

Халықаралық дерекқорлар
КБТУ-дың жазылымдық дерекқорлары — шетелдік электронды интернет-ресурстардың кең қоры. Елестетіп көріңізші: сізде әлемдік жетекші баспалардан — IEEE, EBSCO, Wiley, OnePetro, Jove, Web of Science — мыңдаған ғылыми журналдарға, мақалаларға, зерттеулерге және кітаптарға қолжетімділік бар.
Бұл дегеніміз, сіз курстық, дипломдық жұмыстар мен ғылыми зерттеулер жазу үшін әлемнің ең өзекті және беделді ақпарат көздерін пайдалана аласыз.


ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР


Алдын ала жоспарлаңыз
Есте сақтаңыз: танымал оқулықтар, әсіресе емтихан алдында, басқа студенттердің қолында болуы мүмкін. Қажетті әдебиетті алдын ала жоспарлау және броньдау үшін электронды каталогты пайдаланыңыз.

Барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз
Өзіңізді тек баспа басылымдарымен шектемеңіз. Электронды ресурстарды белсенді қолданыңыз, әсіресе өзекті ғылыми ақпарат пен шетелдік дереккөздерді іздеуде.

Кітапхана қорын сақтаңыз
Есіңізде болсын: сізге берілген басылымдар үшін материалдық жауапкершілікті өзіңіз көтересіз. Кітаптарға ұқыпты қарау — болашақ студенттерге деген құрмет.