Бағдарламалар
{spoiler=6B07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»}
Таңдау пәндері: Физика – Химия
Грантқа шекті балл: 85
Ақылы негізде шекті балл: 50
2024 жылғы грантқа минималды балл: 87
2025-2026 оқу жылына грант саны: 875
2025-2026 оқу жылына қысқартылған оқуға грант саны: 70
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
КБТУ Химиялық инженерия мектебінің (ХИМ) бакалавриат бағдарламасы
ХИМ бағдарламасы IMarEST (Ұлыбританияның Теңіз инженериясы, ғылымы және технологиясы институты) және BTEC халықаралық агенттігімен аккредитациядан өткен. Бағдарлама IQAA (Білім сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі) рейтингі бойынша соңғы 8 жыл қатарынан Қазақстандағы үздік бағдарлама болып танылды.
Бағдарламаның мақсаты:
Мұнай және газ өңдеу, полимер материалдары, органикалық синтез, мұнай химиясы салаларында инновациялық мәселелерді шешуге бағытталған жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мазмұны:
Білім беру процесін аяқтаудың негізгі критерийлері:
• Кемінде 143 академиялық кредит көлемінде теориялық курсты меңгеру
• Оқу, өндірістік тәжірибелер мен дуалды білім алуды өту
• Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру
• Дипломдық жобаны қорғау
Негізгі бейіндік пәндер:
• Химиялық инженерияға кіріспе
• Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы
• Мұнайхимия және мұнай өңдеудегі катализ
• Мұнайхимия және мұнай өңдеудің өндірістік экологиясы
• Қондырғылар мен кәсіпорындарды жобалау негіздері
• Химиялық-технологиялық процестерді модельдеу (MathLab, AutoCAD, Aspen Hysys, Python)
• Полимерлік материалдар өндірісі
• Органикалық синтез технологиясы
• Қаржылық талдау және жобаларды бағалау
• Мұнай және мұнайхимия жабдықтарын коррозиядан қорғау
• Дуалды білім беру
Бағдарламада арнайы пәндер бойынша таңдаулы элективті курстар қарастырылған.
Бағдарлама түлектері келесі салаларда кәсіби білім мен инженерлік дағдыларды меңгереді:
• Органикалық заттар, полимерлер, беттік белсенді заттар және басқа да өнімдерді өндіруге арналған заманауи мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологиялары
• Көмірсутек шикізатын мақсатты өнімдерге өңдеу, реагенттер мен жаңа полимер материалдарын жасау
• Көмірсутек газдарын каталитикалық өңдеу, мұнайхимия мен мұнай өңдеудегі катализ
• Зауыттарды жобалау негіздері, процестерді Aspen Hysys, ChemCAD, AutoCAD, MathLab арқылы модельдеу
Дуалды білім беру жүйесі:
ХИМ-де дуалды білім беру жүйесі енгізілген. Бұл жүйе теориялық білім мен өндірістік тәжірибені ұштастырады, жұмыс берушінің рөлін арттырады және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын күшейтеді. Студенттер дуалды оқытуды келесі зауыттарда өтеді:
Қазақстанда – АНПЗ, ПНХЗ, PetroKazakhstan;
Румынияда – RomPetrol және басқалары.
Мансап:
ХИМ түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және келесі компанияларда табысты жұмыс істейді: KazMunayGas, TengizChevroil, NCOC, Petrofac (БАӘ), Atyrau Oil Refining, Schlumberger, Halliburton, MaerskOil, Medherant (Британдық фармацевтикалық компания), сондай-ақ магистратура мен докторантурада үздік университеттерде оқуларын жалғастыруда: KTH Royal Institute of Technology (Швеция), Warwick University (Ұлыбритания), Tokyo Institute of Technology (Жапония) және т.б.
Байланыс:
ХИМ бас менеджері: Машрапова Айдана Сайранханқызы
§
📞 +7 727 357 42 42 (496)
📍 Алматы қ., Валиханов көшесі, 106 үй (Шевченко көшесімен қиылысы), 112-кеңсе
{/spoilers}