Бағдарламалар
{spoiler=7M07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»}
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 2 жыл
Академиялық дәрежесі - техника және технологиялар магистрі
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизиттер:
Жалпы химиялық технология (3 ECTS)
Органикалық химия (3 ECTS)
Мақсаты мен міндеттері:
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін зерттеу және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған кәсіби оқу траекториясын жүзеге асырады. Бағдарлама терең ғылыми және педагогикалық дайындықты қамтиды және «техника және технология магистрі / ғылым магистрі» академиялық дәрежесін береді.
Білім беру бағдарламасының мазмұны:
Магистратураны аяқтаудың негізгі талаптары:
• 65 академиялық кредиттен кем емес көлемде білім алу
• Оның ішінде кемінде 45 кредит теориялық оқытуға арналуы тиіс
• Кемінде 5 кредит практикаға
• Және 10 кредиттен кем емес ғылыми-зерттеу жұмысына бөлінуі тиіс
Тәжірибеден өту:
Магистранттар жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінде тәжірибеден өтеді, олардың қатарында:
• Седжон университеті (Оңтүстік Корея)
• Саинс Малайзия университеті (Малайзия)
• Лозаннадағы федералды политехникалық мектебі (Швейцария)
• Сан Хорхе университеті (Испания)
• Сент-Этьен тау-кен мектебі (Франция)
және т.б.
Мансап:
Магистратура түлектері:
• химия, мұнай және газ өңдеу салалары үшін жоғары білікті басқарушы, топ-менеджер ретінде
• ғылыми және педагогикалық кадр ретінде жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу салаларында
қызмет атқара алады. Олар кәсіби және ғылыми-педагогикалық даярлығы терең мамандар ретінде танылады.
Магистратураның негізгі пәндері:
Міндетті пәндер:
• Кәсіби ағылшын тілі
• Психология
• Педагогика
• Жобаларды қаржылық талдау
• ылымның тарихы мен философиясы
• Қазіргі заманғы аспаптық талдау әдістері
Таңдау пәндері (элективті):
• Полимерлердің заманауи химиясы және инженериясы
• Органометалдық химия
• Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы
• Мұнай мен газ өндіру үдерісіндегі мұнай химиясы
• Өндірістік нысандарды және процестерді жетілдіріп жобалау
• Органикалық заттарды өңдеудің заманауи технологиялары
• Беттік белсенді заттар мен синтетикалық жуғыш заттар өндіру технологиясының негіздері
• Мұнай ісінің химиясы мен технологиясы
• Органикалық заттар мен материалдар технологиясындағы жасыл химия принциптері
• Табиғи және ілеспе мұнай газдарын тазалау және өңдеу технологиясы
{/spoilers}