25–26 қараша күндері ҚБТУ бас ғимаратында LUKOIL.PetroGames 2025 химия пәні бойынша 3-ші Республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиаданы ҚБТУ-дың Химиялық инженерия мектебі және «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» компаниясы ұйымдастырды.

Іс-шараға еліміздің 3 қаласынан 9 университеттен 76 студент қатысты. Барлығы 120 студент тіркеліп, 93-і қатысуын растады, 76 студент қатысып, 30 студент екінші кезеңге өтті.
Олимпиадада жылдамдыққа тестілеу, күрделі есептерді шешу және химиялық инженерия мен мұнай-химиясы саласындағы білім тексерілді. Бұл жобаның мақсаты - индустрия мен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын нығайту.

Жеңімпаздар:
1. Сарсенбай Даниял Серікжанұлы (ҚБТУ) - 50 балл
2. Карамысов Ернар (ҚБТУ) - 36,75
3. Мусабаев Рахат Даниялұлы (ҚБТУ) - 32
4. Погоров Федор Павлович (ҚазҰУ) - 28,5
5. Сұлтанмахмұт Байдыбек (ҚБТУ) - 26,5
Мұхамедқасымұлы (ҚБТУ) - 26,5
Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар және LUKOIL компаниясында ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді.