Ақордада мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешенінің қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, олардың ұлттық экономиканы дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.
Ерекше құрмет техника ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің құрметті профессоры Раушан Ғайсиевна Сармузинаға көрсетілді. ылым мен білім саласындағы елеулі еңбегі, сондай-ақ еліміздің мұнай-газ саласына жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан зор үлесі үшін ол мемлекетіміздің жоғары мемлекеттік наградасы - «Парасат» орденімен марапатталды.
Раушан Сармузина көптеген жылдар бойы ғылыми және педагогикалық қызметке арнап, мұнай-газ инженериясы саласының танымал маманына айналды. Оның жетекшілігімен жүздеген студент пен маман даярланып, бүгінде Қазақстанның энергетика саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүр.
Мемлекет басшысы: «Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің әрқайсысының табанды еңбегі мен кәсібіне адалдығы еліміздің өркендеуіне септігін тигізеді», – деп атап өтті.
ҚБТУ университеті Раушан Ғайсиевнаға оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін терең алғыс білдіреді және университет қабырғасында осындай көрнекті ғалымдар мен ұстаздардың еңбек ететінін мақтан тұтады.