ǿ޴ý

2025 жылғы 13 тамызда «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ мен «Almaty Air Initiative» (AAI) жеке қоры арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық Алматы қаласында тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және ауа сапасын жақсарту саласында өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Негізгі бағыттар:
- ауаның ластануын, ластану көздерін және оның халық денсаулығына әсерін мониторингтеу мен талдау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
- ҚБТУ академиялық және инновациялық ортасында ESG-сараптамасын және климаттық бастамаларды дамыту;
- бірлескен іс-шаралар: хакатондар, қалалық экологиялық зертханалар, ағартушылық науқандар және т.б.

Тараптар күш пен әлеуетті біріктіру Алматыдағы ауа сапасы мәселесіне назар аудартып, жағдайды жақсартуға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеуге және енгізуге ықпал етеді деген сенім білдірді.