КБТУ-дың ылыми кітапханасы халықаралық JoVE (Journal of Visualized Experiments) видеожурналының мамандарымен бірлесіп, студенттер мен оқытушыларға арналған Workshop ұйымдастырды.
Іс-шара қатысушылары ғылыми түсініктерді визуалды түрде меңгеруді жеңілдететін және оқу процесіне бейнематериалдарды тиімді енгізуге көмектесетін заманауи ресурстармен танысты.
Workshop бағдарламасы:
• оқыту мен зерттеулерге арналған JoVE-тің жаңа коллекцияларын таныстыру;
• инновациялық JoVE Visualise өнімін таныстыру;
• платформаның мүмкіндіктері: жеке аккаунт ашу, бейнелерді Moodle, PowerPoint, Microsoft Teams және басқа жүйелерге кіріктіру;
• интерактивті Q&A-сессия.
Workshop аяқталғаннан кейін JoVE өкілдері мектеп декандары және оқытушылармен жеке кездесулер өткізіп, КБТУ-дағы оқу үдерісінде JoVE ресурстарын кеңінен қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
JoVE байқауының жеңімпазы
Халықаралық JoVE видеожурналымен ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы – Сәтпаев атындағы КМА оқытушысы Ғалым Рәтпекович екенін қуана хабарлаймыз. Ол JoVE ресурстарын оқыту барысында белсенді әрі тиімді қолданғаны үшін жоғары бағаланды.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!


