ǿ޴ý

Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары аясында

КБТУ талапкерлер мен студенттерге Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары аясында бөлінетін қаражат есебінен оқуға арналған білім беру гранттарына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, NCOC N.V., КПО B.V. және «KAZENERGY» қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылады.

Кімдер қатыса алады:
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар түлектері;
- колледждер мен жоғары колледждер студенттері;
- Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері.

Құжат қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 шілде - 31 тамыз
Электронды өтінімді мына сайтта толтырыңыз: grant.kazenergy.com

Конкурс шарттары:
Колледж студенттері үшін:
- ҚР азаматтығы
- Академиялық және қаржылық қарыздың болмауы
- Орташа балл:
- 1 курсқа түскендер үшін - кемінде 4,0 (5,0-ден);
- алдыңғы оқу жылы бойынша - кемінде 4,5;
- GPA 1 курстан кейін - 3,0 немесе жоғары;
- GPA 2-3 курстар үшін - 3,33 немесе жоғары.

ЖОО студенттері үшін:
- ҚР азаматтығы
- Академиялық және қаржылық қарыздың болмауы
- ҰБТ/КТ нәтижесі - кемінде 80 балл
- Орташа балл:
- 1 курсқа түскендер үшін - кемінде 4,0 (аттестат бойынша);
- GPA 1 курстан кейін - 3,0 немесе жоғары;
- GPA 2–3 курстар мен магистратура/докторантура үшін - 3,33 немесе жоғары.

Нтижелер:
Комиссия шешімі бойынша іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі KAZENERGY қауымдастығының сайтында жарияланады.

Байланыс:
Телефон: +7 (7172) 79 49 75
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.