ǿ޴ý

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ТМД ЖОО арасында алғашқы болып  ерекше MBA in Digital Media магистрлік бағдарламасын іске қосады. Бұл тәжірибеге бағдарланған бағдарлама сандық дәуір талаптарына жауап береді жне  &Բ;журналистика, PR, IT, бизнес жне құқық саласының басын қосады. Оқытуды ҚБТУ-дың  халықаралық оқытушылары жне  Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген  медиа саласындағы мамандар жүргізетін болады.

​ċБағдарламаның негізгі ерекшеліктері:

  • Іс-тәжірибеге  бағытталуы, әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандардың воркшоптары
  • Оқыту тілі – ағылшын
  • Оқу мерзімі – 1 жыл
  • Шетелдік іс-тәжірибе (Дубай, Непал –сертификатпен расталады)
  • Мемлекеттік үлгідегі  ҚБТУ MBA дипломы

Бағдарлама&Բ;журналистерге, PR жне GR менеджерлерге, SMM мамандарға, блогерлерге бағытталған.

12 ай ішінде  студенттер ҚБТУ-да қарқынды практикалық жне модульдік сабақтар алатын болады, сондай-ақ  &Բ;журналистік немесе PR-тапсырмалар орындай отырып,  өз  қорытынды жобаларын  Дубайда немесе  Непалда  аяқтау мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарлама қамтитын түйінді білім салалары:

  • Журналистика жне PR  әдістері мен дағдылары
  • Бизнес жне басқару
  •  IT, жаңа бағдарламалар  мен қосымшаларды пайдалану дағдылары
  • Қарым-қатынас дағдылары
  • Халықаралық құқық, киберқауіпсіздік.

Бағдарламаның негізгі курстары:

- Стратегиялық менеджментке кіріспе

- Мультимедиа –курстар  жаңа АТ-технологиялар мен қосымшаларды  пайдалану, сайттар, интернет-блоктар, HTML-бағдарламалау, компьютерлік графика, арнайы эффектілер әзірлеуге арналған. Мақсаты – студенттерді  тез жне өз бетімен  онлайн-контенттар әзірлеуге үйрету.

- Іскерлік қарым-қатынас дағдылары

- Мобильді &Բ;журналистика, репортаж жүргізу

- Жаһандану жне стратегиялық  бәсекеге қабілеттілік

- Бұқаралық коммуникация мен  кәсіби әдеп нормалары теориясына кіріспе

- Құқыққа кіріспе: халықаралық құқық, киберзаңнама, зияткерлік меншік құқығы, сауда заңнамасы, адам құқығы

Факультативтік курстар:

- аудио- жне бейне материалдар дайындау,  жаңалық мәтіндерін жазу;

- жұртшылықпен байланыс,  мемлекеттік органдармен байланыс, ішкі жне сыртқы коммуникациялар;

- баспасөздегі ғаламдық мәселелер;

- халықаралық қатынас жне журналистика;

- интернет-маркетинг, интернет-жарнама.

Озық MBA in Digital Media  бағдарламасы сандық әлемде  тез қарқынмен жұмыс үшін  «Сандық БАҚ-та іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесіне ие болатын маман, соның ішінде өзекті   медиа-технологияларды меңгерген жне  бизнес пен этиканы терең түсінетін,  коммуникация жне  контент өндірушілер саласында  мультимедиялық журналист, кәсіби маман  даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай озық машықты мамандар ішкі, өңірлік жне  халықаралық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады.

Оқу құны – 1 925 000 теңге (төрт апталық шетелдік  іс-тәжірибе  бөлек төленеді).

Байланыстар:

+7 (727) 272 21 80, +7 747 246 27 57

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.