Құрметті білім алушылар!
Мемлекеттік білім беру грантының босаған орындарына конкурс жарияланады.
Ақылы негізде білім алушылардың ҚБТУ-да белгіленген тәртіппен конкурстық негізде білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша білім беру грантының босаған орнына ауысуға құқығы бар.
Оқу процесінде босаған мемлекеттік білім беру грантының бос орнына білім алушылардың келесі санаттары үміттене алады:
- ақылы негізде оқитындар;
- ҚБТУ ішкі гранты бойынша оқитындар;
- басқа жоғары оқу орындарының білім алушылары.
Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үлгерімнің орташа балы Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж (бұдан әрі - GPA) негізінде өткізіледі және куәлік беріледі.
Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының (GPA) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек «А», «А-» («өте жақсы»), содан кейін «А», «А-» -дан «В+», «В», «В-» және «С+» («жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде бар бос орындарға конкурстық негізде төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
Ақылы негізде білім алушылар Ректордың атына мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысу туралы өтініштерін 2026 жылдың 5 қаңтары Астана қаласының уақытымен 23.59с дейін
Өтінішке:
• оқудың барлық кезеңіндегі ресми транскрипт (скан. нұсқа);
• куәліктің көшірмесі.
