ǿ޴ý

2025 жылдың 25 қарашасында ҚБТУ-да маңызды және көптен күткен әлеуметтік жоба өз нәтижесін берді – университетіміздің 3-курс студенті Дмитрий заманауи сатымен көтеріле алатын мүгедектер арбасына ие болды. Бұл арба оның студенттік өмірінде жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тимур Құлыбаевтың “Halyk” қайырымдылық қорының қолдауы және ҚБТУ студенттерінің бастамасы арқылы кез келген ауа райына төзімді, сатымен жүретін және вездеход функциялы кресло-арбасы сатып алынды.

Бұл оқиға – шектеулер туралы емес, еркіндік туралы. Кампуста еркін қозғалу, сабақтарға қиындықсыз қатысу, зерттеулер мен жобаларға араласу және университет өміріне бұрынғыдан да жақын болу мүмкіндігі туралы.

Біз Тимур Құлыбаевтың “Halyk” қайырымдылық қорына, сондай-ақ KBTU Endowment Корпоративтік қорына олардың қолдауы, жанашырлығы және инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.