ǿ޴ý

24 қыркүйекте Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында ҚБТУ, ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары әзірлеген тұқым қозғалысын қадағалаудың цифрлық жүйесі таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды.

Бұл бастама Мемлекет Басшысының үш жыл ішінде цифрлық мемлекет құру жөніндегі тапсырмасымен үндесіп, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Жаңа жүйе:
- мемлекеттік органдарды нақты әрі өзекті деректермен қамтамасыз етеді;
- тұқым өндіру мен өткізу процесінің толық ашықтығын қамтамасыз етеді;
- жалған көрсеткіштер мен заңсыз субсидия алуға тосқауыл қояды;
- өсімдік сорттарының авторларына роялти төлеу тәртібін реттеуге мүмкіндік береді.

ҚР ҰҒА президенті Ахметжан Күрішбаев:
«Дақылдардың өнімділігінің 25%-ы сапалы тұқымға байланысты. Сондықтан цифрландыру саланы дамытудың негізгі құралына айналады», - деп атап өтті.

Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Алматы облысының әкімі, халықаралық ФАО сарапшылары, ғалымдар, ректорлар, фермерлер мен бизнес өкілдері қатысты.

Жүйе алғашқы кезеңде Алматы облысының тұқым шаруашылығы субъектілерінде сынақтан өтеді.