ǿ޴ý

2024 жылғы 10-12 қазан аралығында Халықаралық Шекара Ынтымақтастығы Орталығында (Хоргос) II Еуразиялық Қаржылық-Экономикалық Форум өтті. Форумға Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің ректоры, М.Т. Габдуллин қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Банктер Қауымдастығы, Қытайдың Хоргос қаласының Халық Үкіметі және Еуразиялық Ынтымақтастықтың Қаржы-бизнес Қауымдастығы (ЕЫҚҚ) серіктестігінде ұйымдастырылды.

 

Форум Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕЭО), Каспий өңірі және Еуропалық Одақ (ЕО) елдері арасындағы интеграциялық үдерістерді нығайтуға арналған бірегей платформа ұсынды. Негізгі назар Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланыстарын кеңейтуге және ортақ нарықтың тиімді жұмыс істеуі үшін тауар таратушы желілерді қалыптастыруға аударылды.

 

М.Т. Габдуллин «Бизнес-білім: ғылым мен бизнестің синергиясы» және «Өнеркәсіп, кен байыту, энергетика» секцияларында сөз сөйлеп, ҚБТУ-дың инновациялық жобаларды дамыту және заманауи экономиканың сын-қатерлеріне бейімделген мамандарды даярлау мақсатында университет құрылымдарын бизнес қауымдастықпен біріктіру тәжірибесін ұсынды. Университеттің форумға қатысуы ШЫҰ, ЕЭО және ЕО елдерінің мемлекеттік құрылымдары, халықаралық қаржы институттары, банктер және коммерциялық компаниялар өкілдерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

 

ҚБТУ білім беру және инновациялар саласындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады, бұл Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер мен технологиялық жаңғыртуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді