ҚБТУ оқытушылары Исахов Асылбек Абдиашимович жне Кулпешов Бейбут Шайыкович «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.
Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық жне сандық 2 блоктан тұратын көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок – оқыту сапасы, II блок – ғылыми-зерттеу қызметі.
Биыл алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсына қатысуға өтінімдер беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім жне ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді.
Исахов Асылбек Абдиашимович жне Кулпешов Бейбут Шайыкович ҚБТУ математика жне кибернетика ғылыми-білім беру орталығының профессорлары. Профессор қызметінен бөлек, Асылбек Исахов аталған факультеттің деканы қызметін атқарады.
Құттықтаймыз!