Бағдарламалар
{spoiler=8D07108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар (салалар бойынша)}
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 3 жыл
Академиялық дәрежесі - Техника ғылымдарының докторы
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизиттер
Қатты дене физикасы
Жартылай өткізгіштер физикасы
Мақсаты мен міндеттері:
Білім беру бағдарламасының мақсаты - техника мен технологияны инновациялық дамыту және техникалық мамандықтарды оқыту әдістемесі, кәсіби және жалпы мәдени құзыреттіліктері бойынша берік білімі бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіндегі іргелі, қолданбалы және инновациялық міндеттерді шешу үшін, наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы түрлі проблемаларды шешу үшін, ғылыми кадрларды даярлау үшін қазіргі заманғы білімді пайдалануға қабілетті қазіргі заманғы форматтағы жоғары білікті мамандарды даярлау, олар өз саласында даму үшін бөлек бағыттар құра алады; жеке де, командада да жұмыс істей алады.
{/spoilers}
{spoiler=8D07109 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» }
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 3 жыл
Академиялық дәрежесі - Техника ғылымдарының докторы
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизиттер
Материалтануға кіріспе
Физикалық химия
Мақсаты мен міндеттері:
Техникалық ғылымдар саласында іргелі білімі және техникалық пәндерді оқыту әдістемесі бар, сондай-ақ өз саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жеке дамытуға қабілетті заманауи мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау.
{/spoilers}
{spoiler=8D07204 – Металлургия}
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 3 жыл
Академиялық дәрежесі - Техника ғылымдарының докторы
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизит
Металлургиялық процестер теориясы
Мақсаты мен міндеттері:
"8D07204 – Металлургия" докторантурасының білім беру бағдарламасы түлектерді металлургияның әртүрлі салаларында кәсіби қызметтің ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық, жобалау-талдау және жобалау-технологиялық түрлерін жүзеге асыруға дайындауға бағытталған және технологиялық процестерді талдау мен іске асыруды, металлургия өндірісінің әртүрлі салаларында жабдықтарды пайдалану мен жобалауды қамтиды.
{/spoilers}