ǿ޴ý

Қайырлы күн, құрметті студенттер!

Сіз Әлеуметтік ылымдар Мектебінің сайтына еніп отырсыз. Аталымы айтып тұрғандай, біздің мектепте өзіңіз таңдап, алға қойып отырған мақсаттарыңызға – сапалы кәсіби білім алуға мықты сеніммен, үлкен дайындықпен баруыңызға іргетас қалайтын білім аласыз.
Мектептің профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізетін кешенді пәндер арқылы адам мен қоғамның, мәдени тұтастық пен заманауи жаһандық тенденциялардың, айналада жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың мәні туралы білім әлеміне жол ашылады. Бізде жалаң деректер мен оқиғаларды, сандар мен адам есімдерін санамалап айтудан аса алмайтын дәрістер оқылмайды. Оқытушыларымыздың педагогикалық бай тәжірибесі мен шеберлігінің, биік кәсіби құзіреттіліктерінің арқасында Сіздердің шығармашылық, танымдық, креативтілік қабілеттеріңіз дамиды, ортақ мүддеге бағытталған ізденіс жұмыстарын жүргіізе алуға қажетті дағдыларыңыз жетілдіріледі.
Гуманитарлық пән сабақтарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен олардың түпкі мәні туралы білім алып, өз ойыңызды, көзқарастарыңызды жеткізуге төселесіздер, логикалық жазылым жұмыстары мен эссе жазу арқылы өз тұжырымдарыңызды ғылыми негіздеуге үйренесіздер, академиялық сөз шеберлігіне қажетті іскерліктеріңіздің қалыптасуы нәтижесінде сөздік қорыңыз байиды, тіл жұмсау сауаттылығыңыз артады.
Біздің мектеп – қоғамдық-студенттік өмірдің қайнаған ортасы. Сіздің де осы ортаға тез сіңісіп, өз бойыңыздағы командада жұмыс істеуге қажетті бастамашылдық, қатысымдық қабілеттеріңізді танытатыныңызға, көшбасшылық қасиетіңізді шыңдайтыныңызға бек сенемін.
Төменде берілген ақпараттарды оқи отырып, біздің мектептің басымдықтары мен мақсат-мұраттары жөнінде мағлұмат ала аласыз.
Сіздің өмірдің жаңа белесіне басқан қадамыңызға сәттіліктер серік болсын! Сізді мектепке қарасты кафедралар асыға күтеді. оқытушылары өзіңізге қолайлы уақытта Сізді толғандырған кез келген мәселе жөнінде сұқбаттасуға және кеңес беруге әзір.

Құрметпен,

Әлеуметтік ғылымдар мектебінің Деканы

Құсайын М. Ж.

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

Администрация
Декан : Құсайын Меруерт Жамалдинқызы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Менеджер: Оразбек Рәзия Жеңісқызы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Менеджер: Тельманова Эльвира Рахимжановна Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Менеджер: Диханбай Диана Талғатқызы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Телефон : +7 727 357 42 45