ǿ޴ý

IWCF – ұңғыны басқару саласындағы біліктілікті растайтын халықаралық сертификат.

Интенсивті курс ұңғыларды бақылау, апатсыз бұрғылау, игеру және күрделі жөндеу бойынша кәсіби білімді қалыптастыруға және жүйелеуге бағытталған.

Кімге арналған бағдарлама

- Ұңғы жұмыстарының жобалауына және бақылауына қатысатын мамандар
- Бұрғылау және күрделі жөндеу инженерлері
- Супервайзерлер, ПВО мамандары
- Операторлар, шеберлер және техникалық басшылар
- Бұрғылау алаңында жұмыс істейтін персонал

Оқыту форматы:

- Күндізгі оқу, DrillSim тренажерларында тәжірибе
- Ұзақтығы және сертификаттау деңгейлері: IWCF Level II – 5 күн (40 академиялық сағат), IWCF Level III/IV – 7 күн (56 академиялық сағат)
- Оқыту тілі: қазақша / орысша / ағылшынша
- Емтихан тапсыру тілі: орысша / ағылшынша
- Оқу орны: КБТУ жанындағы IWCF орталығы (2012 жылы аккредиттелген)

Оқу құны:

- Деңгейі мен қатысу форматына байланысты
- Төлемнің икемді жүйесі қарастырылған

Оқу мазмұны:

Теориялық бөлім:

- Ұңғыны басқару қағидалары мен рәсімдері
- Қысым астында жұмыс істеу қауіпсіздігі
- Ұңғыны бақылау жабдықтары (BOP, манифольд, дроссель желілері)
- Жоспарлау, мониторинг, есептеулер және құжаттама

Тәжірибелік бөлім:

- DrillSim-5000 және DrillSim-20 тренажерларында жаттығулар
- Қысым астындағы операцияларды орындау
- Ұңғыны цементтеу және глушение
- Асқынулар мен лақтырулар кезінде әрекеттерді басқару
- Бақылауды қалпына келтіру және ұңғыны жұмыс тәртібіне шығару
- Жабдықты сынау, төтенше сценарийлер

Артықшылықтар мен бірегейлігі:

- Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы аккредиттелген IWCF орталығы
- 2012 жылдан бері 5000-нан астам инженер сәтті сертификатталған
- DrillSim жабдығын қолдана отырып оқыту — мұнай-газ процестерін модельдеудің ең үздік жүйелерінің бірі
- Нақты өндіру жағдайларын толық симуляциялау
- Бағдарлама компания профиліне бейімделеді
- Сертификаттың халықаралық танылуы: IWCF Level II – 5 жыл, IWCF Level III/IV – 2 жыл