ǿ޴ý

Бакалаврдың 3 жылын аяқтаған студенттер үшін (240 ECTS-тің 180-нен кем емес )
Arden University – Берлиндегі кампусы бар британдық университет. Top-Up бағдарламалары бакалавриаттың 3 жылын аяқтаған студенттерге 1 академиялық жылда толыққанды британдық дәреже алуға мүмкіндік береді. Оқыту ағылшын тілінде, халықаралық ортада өтеді және ЕО, Ұлыбритания және жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларға бағытталған.

Бағдарламалар:

-    BA (Hons) Business Management (Top-Up)
-    BSc (Hons) Computing (Top-Up)


Бағдарлама кімдерге арналған:

–    Бизнес, экономика, менеджмент, IT, компьютерлік ғылымдар және қатысты салаларда 3 жыл оқуды аяқтаған студенттер
–    Халықаралық ортада мойындалған британдық дәреже алғысы келетін кандидаттар
–    Бизнес-дамыту, кәсіпкерлік, IT жобалары және цифрлық технологияларға қызығушылық танытатындар
–    Оқуды тәжірибемен, тағылымдамамен және Берлиндегі өмірмен ұштастырғысы келетіндер
–    Ағылшын тілінде оқып, жаһандық тәжірибе алуды көздейтін халықаралық студенттер

Академиялық талаптар:

–    Тиісті бағытта бакалавриаттың 3 жылын (кемінде 180 ECTS) сәтті аяқтау
–    Академиялық транскрипт
–    Паспорт көшірмесі
–    CV
–    Мотивациялық хат (500 сөзге дейін)

Ағылшын тілі бойынша талаптар:

–    IELTS 6.0 (әр компонент 5.5-тен төмен емес)
–    TOEFL iBT 72
–    Duolingo 100
–    PTE Academic 50
–    Немесе ағылшын тілінде оқығанын растайтын құжат

Оқыту форматы: 

–    Орналасуы: Arden University Берлин кампусы
–    Тілі: ағылшын
–    Ұзақтығы: 1 академиялық жыл
–    Көлемі: 120 UK credits, 60 ECTS баламасы
–    Дәреже: BA (Hons) Business Management немесе BSc (Hons) Computing

Оқу ақысы:

Бағдарлама мазмұны

1.    BA (Hons) Business Management (Top-Up)

Бағдарлама 6 модульден тұрады (әр модуль 20 UK credits), бұл 120 UK credits немесе 60 ECTS-ке сәйкес келеді.

Модульдер:

-    Contemporary Management Issues
-    Strategic Management
-    Managing Self and Others
-    Leadership in Practice
-    Business Research Project
-    Sustaining the Business

2.    BSc (Hons) Computing (Top-Up)

Бағдарлама 6 модульден тұрады (әр модуль 20 UK credits), бұл 120 UK credits немесе 60 ECTS-ке сәйкес келеді.

Модульдер:

-    Management in IT
-    Current Trends in Networking
-    Computer Systems Security
-    Computing Project
-    Advanced Database Concepts
-    Contemporary Issues in Computing


Өтініш беру мерзімдері:

–    Жыл бойы қабылдау 

Студенттерді қолдау және тұрғын үй:

–    Виза және өтінім рәсімдеріне қолдау
–    Қабылдау және көшу кезеңінде бағыт-бағдар беру, тұрғын үй іздеуге жәрдем
–    Академиялық және мансаптық қызметтер
–    Онлайн платформалар мен студенттік қауымдастыққа қолжетімділік

Артықшылықтары және ерекшеліктері:

–    3 жылдық оқу негізінде 1 жылда британдық дәреже алу мүмкіндігі (180 ECTS)
–    Еңбек нарығына бағытталған, нақты жобалармен ұштасқан бағдарламалар
–    Берлин – Еуропаның жетекші технология және бизнес орталықтарының бірі
–    Тәжірибелі практик-оқытушылар, халықаралық бизнес және IT тәжірибесі бар
–    100+ елден келген халықаралық студенттер қауымы
–    Бағдарламадан кейін Германияда 18 ай жұмыс іздеу мүмкіндігі
–    Барлық кезеңде қолдау – өтінімнен бастап жұмысқа орналасуға дейін