ǿ޴ý

{spoiler=DBA – «Іскерлік басқару докторы» }

Бизнес ғылымы мен тәжірибесінде із қалдырғысы келетіндер үшін

DBA ҚБТУ - іскерлік білім берудің ең жоғарғы деңгейі, менеджмент саласындағы жоғары және орта буын басшылары мен сарапшыларға арналған. Бағдарлама шынайы басқарушылық міндеттерді ғылыми тереңдікпен шешуге ұмтылатындар үшін жасалған.
Негізгі фокус – қолданбалы зерттеулер мен инновациялық шешімдерді нақты бизнеске енгізуге жасалады.

Кімге арналған бағдарлама

Бизнес иелері, компания басшылары, бағыт директорлары, жұмыс тәжірибесі бар бизнес-кеңесшілер

Негізгі талаптар:

- Магистр дипломы
- Басқарушылық немесе сараптамалық тәжірибенің расталуы
- Сұхбат және зерттеу қызығушылығын таныстыру

Оқу форматы:

- Бірінші жылы теориялық дайындық
- Сабақ кестесі: кешкі және демалыс күндері
- Ұзақтығы: 3 жыл
- Оқыту тілі: орыс немесе ағылшын

Оқу ақысы:

- 4 950 000 теңге
- Төлем: транштармен (3–6 транш), корпоративтік төлем мүмкіндігі бар


Оқу мазмұны:

Корпоративтік топтар үшін мазмұнды компанияның салалық міндеттері мен мақсаттарына бейімдеу мүмкіндігі бар

Міндетті пәндер:

– ылыми зерттеу әдіснамасы және әдістері

Кәсіби құзыреттер бойынша элективті пәндер (таңдау бойынша 2 пән):

– Бизнестегі талдаудың сандық әдістері
– Компания тәуекелдерін стратегиялық басқару
– Компания қаржысын басқару
– Стратегиялық талдау және жоспарлау
– Бизнестегі жасанды интеллект
– Жобалық менеджмент
– Корпоративтік басқару

Көшбасшылық құзыреттер бойынша элективті пәндер (таңдау бойынша 2 пән):

– Бизнеске арналған дизайн-ойлау
– Бренд-менеджмент
– Бизнес-коммуникациялар
– Көшбасшылықтың заманауи тұжырымдамалары
– Компаниядағы инновацияларды басқару
– Адам капиталын басқару

Аудиториядан тыс белсенділіктер:

– Зерттеу жұмысы: докторлық диссертацияны кезең-кезеңмен әзірлеу және жүзеге
асыру
– Зерттеу практикасы (қосымша ақы негізінде шетелдік тағылымдама)
– Мақалалар жариялау
– Докторлық диссертацияны қорғау

Бағдарлама жалпы көлемі: 180 академиялық кредит


Артықшылықтары мен бірегейлігі

– Кәсіби қауымдастықпен идеялар краудсорсингі
– Тәжірибеге бағытталған зерттеу блогы
– Компания міндеттерін зерттеу жобасына біріктіру мүмкіндігі

{/spoilers}

Қабылдау кезеңдері

1. Онлайн тіркеу және қажетті құжаттарды жүктеу немесе КБТУ қабылдау бөліміне құжаттарды тапсыру (Алматы қ., Төле би 59)
2. Жеке сұхбат
3. Келісімшартқа қол қою, оқуға қабылдану
4. Оқуды бастау


Қажетті құжаттар тізімі

Міндетті:

- Ректордың атына өтініш (белгіленген үлгіде)
- Магистр дипломының түпнұсқасы және қосымшасы
- 3х4 өлшемдегі 2 фото
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама (ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығы бойынша), флюорография нәтижесі (2 мөрмен)
- Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі
- Резюме


Қосымша (бар болған жағдайда):

- ылыми немесе ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі мен көшірмелері
- Еңбек өтілін растайтын құжат
- Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар
- Конференциялар, байқаулар, олимпиадаларға қатысқанын және жетістіктерін растайтын сертификаттар/дипломдар (халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде)