ǿ޴ý

{spoiler=MBA «Менеджмент және бизнес экономикасы»}

Компаниялардың болашағын қалыптастыратын көшбасшыларға арналған бағдарлама

MBA «Бизнес менеджменті және экономикасы» - стратегиялық талдау мен бизнестің операциялық тиімділігі салаларындағы құзыреттілікті дамытуға бағытталған басқарушылық бағдарлама. Бұл бағдарлама өз ұйымындағы ықпалын арттырғысы келетіндерге, жеке бизнес ашқысы келетіндерге немесе мансап жолында жаңа деңгейге көтерілгісі келетіндерге арналған.

Кімдерге арналған бағдарлама:

Орта буын басшылары, кәсіпкерлер, өсу әлеуеті бар мамандар

Негізгі талаптар:

- Бакалавр дипломы
- Жеке сұхбат

Оқу форматы:

- Кешкі күндізгі формат (жұмыспен қатар алып жүруге ыңғайлы)
- Ұзақтығы: 1,5 жыл
- Оқыту тілі: орыс тілі
- Кесте: аптасына 3 рет кешкі уақытта + сенбі

Оқу ақысы:

- 3 000 000 теңге
- Төлем: транштармен, корпоративтік төлем мүмкіндігі бар


Оқу мазмұны

Міндетті пәндер:

- Бизнес-зерттеу
- Стратегиялық менеджмент
- Ұйымдық мінез-құлық

Көшбасшылық құзыреттер бойынша элективтер (3 пән таңдауға):

- Көшбасшылық және мотивация
- Іскерлік коммуникациялар
- Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау
- Адами ресурстарды басқару

Кәсіби құзыреттер бойынша элективтер (9 пән таңдауға):

- Стратегиялық қаржылық менеджмент
- Портфельдік инвестициялар
- Бизнес экономикасы
- Корпоративтік қаржы
- Тәуекелді басқару
- Қаржылық есеп және басқарушылық бақылау
- Өзгерістерді басқару
- Жобаларды басқару әдістемесі
- Жобалық талдау
- Жоба командасын басқару
- Жоба тәуекелдерін басқару
- Жоба құнын басқару
- Маркетингтік зерттеулер және аналитика
- Маркетингті басқару
- Маркетингтік коммуникацияларды басқару
- Бренд-менеджмент
- Тайм-менеджмент

Аудиториядан тыс белсенділіктер:

- Зерттеу жұмысы
- Практика және ғылыми тағылымдама
- Магистрлік жоба

{/spoilers}

{spoiler=MBA «Қаржылық тәуекелді басқару» }

Деректер мен цифрлық модельдер арқылы тұрақты қаржылық стратегиялар құруға және тәуекелдерді бағалауға ұмтылатын аналитиктер мен басқарушыларға арналған бағдарлама

MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару» - бұл қаржылық тәуекелдерді бағалай алатын, стресс-сценарийлер құрып, деректерге негізделген басқарушылық шешім қабылдайтын мамандарды даярлайтын бағдарлама. Бағдарлама заманауи тәуекелдерді басқару тәсілдерін, болжаушы (предиктивті) аналитиканы және корпоративтік, реттеуші басқару тәжірибесін біріктіреді.


Кімдерге арналған бағдарлама:

Орта буын басшылары, кәсіпкерлер, өсу әлеуеті бар мамандар


Негізгі талаптар:

- Бакалавр дипломы
- Жеке сұхбат

Оқу форматы:

- Кешкі күндізгі формат (жұмыспен қатар алып жүруге ыңғайлы)
- Ұзақтығы: 1,5 жыл
- Оқыту тілі: орыс тілі
- Кесте: аптасына 3 рет кешкі уақытта + сенбі

Оқу ақысы:

- 3 000 000 теңге
- Төлем: транштармен, корпоративтік төлем мүмкіндігі бар


Оқу мазмұны

Міндетті пәндер:

- Стратегиялық менеджмент
- Бизнес-зерттеу
- Басқарушылық қаржылық аналитика
- Agile-менеджмент
- Болжаушы модельдеу

Көшбасшылық құзыреттер бойынша элективтер (таңдау бойынша 1 пән):

- Тиімді коммуникациялар
- Ұйымдық көшбасшылық

Кәсіби құзыреттер бойынша элективтер (таңдау бойынша 9 пән):

- Қаржы нарықтарының макроэкономикасы
- Қаржы нарықтары мен құралдары
- Альтернативті инвестициялық стратегиялар
- Инвестициялық портфель және нарықтық тәуекелдерді басқару
- Тәуекелдерді басқарудың сандық әдістері
- Корпоративтік тәуекелдерді басқару және бағалау модельдері
- Несие тәуекелін басқару
- Өтімділік тәуекелін басқару
- Сценарийлік талдау және стресс-тестілеу
- Бизнес-процестер тәуекелдерін басқару
- Python арқылы деректерді талдау
- R ортасындағы деректерді талдау
- Қолданбалы эконометрика


Бағдарламаның артықшылықтары мен бірегейлігі

- Кәсіби нетворкинг және идеяларды бірігіп дамыту (краудсорсинг)
- Қолданбалы басқарушылық ойлау мен көшбасшылықты дамыту
- Элективтердің кең таңдауы арқылы дараланған оқу траекториясы
- Стратегиялық басқару, көшбасшылық пен аналитиканы интеграциялау
- Сабақ беретіндер - тәжірибелі сарапшылар мен бизнес көшбасшылар

{/spoilers}

Қабылдау процесі

{spoiler=Қабылдау кезеңдері }

1. Онлайн тіркеу және қажетті құжаттарды жүктеу немесе КБТУ қабылдау бөліміне құжаттарды тапсыру (Алматы қ., Төле би 59)
2. Жеке сұхбат
3. Келісімшартқа қол қою, оқуға қабылдану
4. Оқуды бастау


Қажетті құжаттар тізімі

Міндетті:

- Ректордың атына өтініш (белгіленген үлгіде)
- Бакалавр дипломының түпнұсқасы және қосымшасы
- 3х4 өлшемдегі 2 фото
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама (ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығы бойынша), флюорография нәтижесі (2 мөрмен)
- Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі
- Резюме


Қосымша (бар болған жағдайда):

- ылыми немесе ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі мен көшірмелері
- Еңбек өтілін растайтын құжат
- Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар
- Конференциялар, байқаулар, олимпиадаларға қатысқанын және жетістіктерін растайтын сертификаттар/дипломдар (халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде)

{/spoilers}